Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялануына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті «Балалар жылына» арналған іс-шараларды іске асыру шеңберінде, «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жобасының аясында аудандық мемлекеттік архивте осы аптаның сәрсенбісінде өтті. Білім беру мекемелерінің оқушыларына, атап айтсақ, ОҚО индустриалды-инновациялық колледжінің студенттеріне, С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияның 10 және 6-сынып оқушыларына Бабыр атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушыларына архивке «Ашық есік күніне» экскурсия өткізілді. Іс-шараны аудандық мемлекеттік архивтің басшысы А.Табирова ашып, балаларды мерекелік іс-шарамен құттықтады. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — еліміздің жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, мектеп оқушыларына архивтің жұмысымен, архивтегі сақтауда тұрған жеке құрам жөніндегі құжаттармен таныстырып, білімдерін жетілдіру, құжаттардың құндылығын, тарихи маңыздылығын көрсету. Сонымен қатар, іс-шарада аудандық мемлекеттік архивте сақтау аудандық білім беру бөлімінің 1937-1938 жылдар аралығындағы жеке құрам жөніндегі бұйрықтар кітаптары, Қарабұлақ ауылдық кеңесінің 1935-1944 жылдар аралығындағы, Күмісбұлақ ауылдық кеңесінің 1943-1945 жылдар аралығындағы, Шымкент-қақпа ауылдық кеңесінің 1936-1942 жылдар аралығындағы латын әліпбиінде жазылған шаруашылықтар бойынша кітаптардың құнды деректерінің көрмесі ұйымдастырылып, студенттерге, оқушыларға кеңінен баяндады. Архивтің қоймаларына шолу жүргізіліп, архивтің тыныс-тіршілігімен таныстырылды. «Ашық есіккүнінде» аудандық мемлекеттік архивтің бас-шылығы сұхбат берді.
А.ТАБИРОВА,
Сайрам аудандық мемлекеттік архивтің басшысы.