Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТОЙХАНА ИЕЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТОЙХАНА ИЕЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Сайрам аудандық қоғамдық келісім басшысы Б.Айтбаев, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты М.Сиддиков және №70 учаскелік полиция пункті басшысы А.Әқмырза қатысумен, Қарабұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан тойхана басшыларымен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу барысында және мектеп жастағы жасөспірім балалар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жиналыс өткізілді.
Сайрам аудандық қоғамдық келісім басшысы Б.Айтбаев — жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірім балалардың еңбегін заңсыз пайдаланбау яғны тойханаларда жасөспірім балаларды еңбегін пайдалану және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша алдын алу, қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың болдырмау.
Жиналыс барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынаған. Осы заң талаптарды мектептерде ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналар назарына жеткізу керек
№70 учаскелік полиция пункті басшысы А.Әқмырза — одан бөлек құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмаудың бір жолы — кәсіпкерлік нысандарға бейнебақылау камералары орнату қажеттігі туралы қанша рет ескерту хаттары берілген, дегенмен ауыл кәсіпкерлері тарапынан ол жұмыстар нашар орындалуда. Кәсіпорын басшылары кәсіпорныңызда (тойхана кафе және қоғамдық тамақтану) орындарда күндізгі және түнгі мезгілде жұмыс уақытысы кезінде бейне бақылау камералар үзіліссіз жұмыс жасауын қадағалау қәжет, егерде жұмыс жасамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 479 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке қарастырылған.
Жиын барысында сөз алған Сайрам аудандық мәслихатының депутаты М.Сиддиқов- жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау үшін ең алдымен ата-аналар міндеті болып есептеледі. Ауыл жастарының түнгі мезгілде ойын-сауық орталықтарында жүргенін ата-аналар бақылауаға алуы қажет.
Жиналысты Б.Шамуратов қорытындылай келе, бүгінде құқық бұзушылықтар жиі орын алатын қоғамдық тамақтану орындар, тойхана және кафе орындарда жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында болып жататынын келеңсіз жағдайлардың жиілеп кеткені, оның соңы заң бұзушылыққа әкеп соғады. Бұл тәртіп бұзушылықтың орын алуы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғыу әбден мүмкін.
Себебі, соңғы кезде тойханаларда (кафе және қоғамдық тамақтану орындарда) атап айтқанда күнделікті той қыз ұзату, үйлену тойы, құда күту рәсімі, бесік және сүндет той болып жатыр. Тойханаларға (кафе және қоғамдық тамақтану орындарға) келушілерге қызмет көрсетіп жүрген даяшылар (офицант) басым бөлігі мектеп жастағы және кәмелетке толмаған жасөспірім ұл қыздар.
Сондықтанда, мектеп жастағы жасөспірім балаларды тойхана, кафе және қоғамдық тамақтану орындарда жәнеде басқада қоғамдық орындарда түнгі мезгілде себептен себепсіз жүруін, ата-аналарынсыз оқу кезеңінен тыс немесе оқу проццесіне кедергі келтіретін уақытта жалдамалы несе тұрақты жұмыс жасауын және мектеп жастағы жасөспірім балалардың Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кәсіпорныңызға (тойхана кафе және қоғамдық тамақтану) орындарға келушілер мен даяшыларға түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізілуі тиіс.

Пікір жазу