Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ҚАРАМҰРТТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӘР АПТАДА ӨТУДЕ

САЙРАМ: ҚАРАМҰРТТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӘР АПТАДА ӨТУДЕ

Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі әр аптаның сенбісінде өтуде.
Ауыл тұрғындары мен жәрмеңкеге келушілерге азық-түліктер 15-20 пайыз төмен әрі тиімді бағада ұсынылып отыр.
Өткен сенбідегі жәрмеңкеге Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков қатысып, тұтынушылар, ауыл шаруашылы өнімдерін өндушілер мен сатушыларымен тілдесті. Халыққа бірінші кезекте қажетті азық-түліктердің бағаларын тұрақтандыруды сақтаудың керектігі түсіндіріліп, халық үшін жасап отырған осындай игі істеріне алғысын білдірді.
Ауыл өнерпаздары өзбек ұлттық аспаптарымен өнерлерін көрсетті.

Пікір жазу