Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков ағымдағы жылдың 3 қазан айынан бастап ауданда мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде бірқатар өзгеріс орын алғанын атап, басшылық лауазымдарға жаңадан тағайындалған басшыларды таныстырды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы лауазымына Сарыбеков Нұрлан Өмірбекұлы, «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры қызметіне Қазанғапов Абзал Дәулетәліұлы, аудан әкімінің көмекші қызметіне Ақжаров Мейірбек Халиуллаұлы.
Алдымен аудан басшысы қызметтік тағайындау туралы тиісті өкімдерге сәйкес, әлеуметтік салада және аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметтерде еңбегін әрі қарай жалғастыратын басшылар мен мемлекеттік қызметкердің еңбек жолдары, салаға сіңірген еңбек үлестері мен кәсіби біліктілік дәрежелеріне тоқталды. Сонымен қатар, жаңа қызметтеріне табыс тілей отырып, өздеріне жүктелген қызметтік міндеттеріне сәйкес, тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындап, сондай-ақ жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Тағайындауға «АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, аудан әкімінің орынбасарлары Мадияр Оразалиев және Хасанов Бахытбек, әкім кеңесшісі Рысқұл Есполай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәбит Реметов және аудан әкімі аппаратының бөлімше басшылары қатысты.