Отбасы – қай заманда болсын мықты мемлекеттің негізі болып есептеледі. Еліміздегі үлгілі отбасыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған Түркістан облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына Сайрам аудандық «Парасатты отбасы» байқауының I жүлделі орын иегері әріптесіміз Бабанова Айгүл Асанқызы отағасы Бабанов Нұрлан Қадыржанұлы Сайрам ауданының «Үлгілі отбасы» атты мәртебесін жалғастырушы буын қатысып Алғыс хат иеленді. Отбасы қай заманда дені сау қоғамның және мықты мемлекеттің негізі болып келеді. Тату отбасында патриотизм, еңбексүйгіштік, жаңа қоғам құру құндылықтарымен тәрбиеленген тұтас буын өсіп келеді. Олар – білімге құштар, бәсекеге қабілетті, жаңа әлем мен инновацияларға ашық жаңғыруды жүзеге асырушылар. Қазақстанның болашағы өзара сыйластық пен татулыққа ұйыған. Жақындарына жанашырлық жасаумен бірге өзгелерге көмегін аямайтын, әркім өзінің сүйікті ісімен айналысатын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бірлік пен келісім құндылықтары сақталған отбасы екенін сеніммен айта аламыз. Бабановтар отбасына зор денсаулық, аман-саулық, бейбітшілік пен өсіп-өркендеу тілейміз! Шаңырақтарыңызға шаттық, жайлылық пен молшылық салтанат құрсын.