Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

«Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшыларына және педагогтеріне арналған «Білім беру ұйымдарындағы тиімді менеджмент» тақырыбындағы әдістемелік-десанттық іс-шара өтті. «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Төлімбет Бақытжан Нұммұхамедұлы Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тыныс – тіршілігімен танысты. Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауы мен кәсіби бағдарларының қалыптасуы, оқушыларға кәсіби бағдар беру мен мамандық таңдау жүйесін ұйымдастырудың психологиялық негіздері, кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, үйлестіру мен бақылау жұмыстарын жүргізу бойынша идеялар мен ұсыныстар айтты.
Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамға жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам қажет. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модел керек. Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады. Менеджмент ұғымы — бұл адамдардың ынтымақтастығы, бұл адамдардың карым-қатынас әдісі. Осы жерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалык менеджменттің ықпалын көруге болады. Ол үшін педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атуға болады.

Пікір жазу