Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Б.Хасанов аудан әкімі аппаратының әкімшілік бөлімшесінің ұжымын, ондағы бас есепші және есепші, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, елеулі еңбектері үшін өз атынан алғыс хаттармен марапаттады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
— Бухгалтердің жұмысы өте күрделі. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, бар ынта-жігерімен жұмыс істейтін қызметкерлеріміз бар. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Әрине, әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні — өзінің кәсіби мерекесі де бар!
Есепші мамандығы елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі ең жоғары құзыретті, құрметті әрі талап етілген мамандықтарының бірі. Экономика және салалар дамыған заманда экономист, қаржыгер және есепші мамандарын қажет етеді. Бухгалтерлер есеп, қаржы және материалдық-техникалық құндылықтарды бақылауы, қаржыларды игеру сияқты біздің мекемеміздің және қорғаныс істері саласының тіршілік әрекетінің маңызды деген саласы үшін жауап береді. Өзінің қызметіне қатысты барлық есеп беру құжаттары үкімет талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс: уақтылы кәсіби мамандар өңдейді және қадағалау органдарына беріледі. Аудан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенемін. Бұл күрделі, әрі қызықты кәсіп түріне қатысы бар осы сала иелерін, яғни Сіздерді Есепші күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас қайрат пен табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті болсын!