Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің қоғамдық саяси ахуал жөніндегі берілген тапсырмаларын орындау мақсатында ұлтаралық татулықты сақтау, келеңсіз оқиғаларды болдырмау, алдын алу үшін құрылған жұмысшы тобының кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Мәжіліске Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев және жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Жұмыс тобының жиналысын ашқан ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Аязов алғашқы сөзді Б.Айтбаевқа берді.
Базарбай Мамадиярұлы елді мекендерде ұлтаралық татулықты сақтау, келеңсіз оқиғаларды болдырмау, алдын алу мақсатында жұмыс тобы мүшелерінің атқаратын жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, «Алтын сағат» режиміне сәйкес, егер де елді мекендерде келеңсіз оқиғалар орын алған жағдайларда, аталған жұмыс тобының мүшелері тиісті құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлама бере отырып, оқиға орын алған жерлерге шұғыл жетіп, сол жерге жиналған көпшілік арасында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аудан орталығынан тиісті құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері келгенге дейін ахуалды бақылауда ұстап тұру қажеттілігін жұмыс тобы мүшелеріне кеңінен түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, Б.Айтбаев қазіргі уақытта тойханалары бар елді мекендерінде кәмелетке толмаған жастардың тойханаларда даяшы қызметтерін атқаруда екендігін, жастар арасында түнгі мезгілдерде түрлі келеңсіз жағдайлардың орын алуына байланысты барлық тойхана иелерімен және мектеп басшыларымен меморандум түзу қажеттігін де айтып өтті.
Қазіргі уақытта бұрынғы аудандық жұмыс тобы мүшелерінен жаңа форматта аудандық жұмыс тобы құрылуда екендігін, осы аудандық топқа әр ауылдық округінен үш адамнан кандидаттар ұсыну қажеттігін айтып өтті. Жиналыс барысында жұмыс тобы құрамынан аға буын, орта буын және жас буыннан үш адамның кандидатуралары ұсынылып, жиналысқа қатысушылар ұсынылған үш адамның кандидатураларын бірауыздан қолдап қуаттайтындықтарын білдірді.