Бүгін Халықаралық зағиптар және мүгедектігі бар адамдар күніне орай, Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қайрат» спорт кешенінде мүгедектігі бар азаматтар арасында шахмат, дойбы және қол күрес спорт түрлерінен аудандық жарысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, мүгедекті бар азаматтарды дене шынықтыру-сауықтыру, достық қатынастарын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Спорт – бізді біріктіреді» тақырыбымен іс-шара ұйымдастырылған.
Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінен басталды.
Жарыстың ашылуында аудан әкімінің кеңесшісі Рысқұл Есполай жарысқа келушілерді мерекелермен құттықтай отырып, спортқа белсенділігі мен қызығушылығын артып отырғандарына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
Жарысқа ауылдық округтерінен жалпы 22 адам қатысты. Олар 14 жастан асқан жасөспірімдер мен ересек жастағы азаматтар болды.
Жарыстың нәтижесіне сәйкес, шахматтан Ақбұлақ ауылынан А.Яхияев І орын, Ақсукенттен А.Курбанкулов ІІ орын, Манкенттен С.Тажиев ІІІ орынның жүлдегерлері атанды.
Келесі кезекте қол күрестен қарабұлақтық С.Исанов І орыннан, ақбұлақтық А.Умаров ІІ орыннан, ақсукенттік И.Абдирахимов ІІІ орыннан көрінді.
Бұдан бөлек, дойбыдан ақсукенттік С.Қасымов І, қарасулық Т.Биетов ІІ, көлкенттік Т.Ешимов ІІІ орындарды иеленді.
Іс-шара соңында, жеңімпаз бен жүлдегерлерді димломдар мен медальдермен марапаттап, сыйлықтарын табыстады.