«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы мен Сайрам аудандық ішкі сасат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «AMANAT AQYLMАN» интеллектуалды ойыны өткелі жатыр.
Білім бәсекесінің басты мақсаты — дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру, сондай-ақ, интеллектуалды ортаны қалыптастыру, ораторлық мәдениет пен азаматтық танымды дамыту, толеранттық тәртіпке баулу, жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Ойынның талаптары мен шарттары:
— Командада 5-10 аралығында адам болу керек;
— Интеллектуалды ойынға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
— Команда атауы мен қатысушылар тізімін бір күн бұрын whatsapp мессенджері арқылы ұйымдастырушыларға хабарлауы тиіс;
— Сұрақтардың барлығы эрудициялық деңгейді талап етеді, негізінен логикаға негізделіп құрылады;
— Қатысушыларға сұрақтардың жауаптарын белгілейтін арнайы парақшалар, қаламсаптар, қағаздар алдын ала үлестіріліп беріледі.
— Сайыста екі тур БЛИЦ СҰРАҚТАР арқылы қойылады. Яғни әр сұраққа 4 жауаптан беріледі (Бағыты: Партиялық жобалар мен мемлекеттік басқару, Сайрам ауданы мен өңір тарихы).
Интеллектуалды ойынның кезеңдері:
І тур: Жеңіл деңгейдегі сұрақтар;
ІІ тур: Орташа деңгейдегі сұрақтар;
ІІІ тур: Сурет және музыка;
ІV тур: Қиын деңгейдегі сұрақтар;
Блиц сұрақтар:
V тур: Партиялық жобалар мен мемлекеттік басқару;
VІ тур: Сайрам ауданы мен өңір тарихы.
Өтетін уақыты мен орны
2022 жылғы 13-қазан, сағат: 15.00-де;
Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, «Эль-Нұр» салтанат сарайы;
Әр турға 7 сұрақтан қойылады және сұрақты ойлануға 20 секунд уақыт. Әр кезеңнің жеті сұрағы оқылып біткеннен кейін, ақылдасуға және жауаптарды толтыруға 60 секунд уақыт беріледі.
Әр кезеңнен кейін жауаптар жазылған парақшалар ұйымдастырушылар тарапынан жинап алады. Содан кейін экранға сұрақтардың дұрыс жауаптары көрсетіледі.
Ескерту:
Ойын барысында ұялы телефон (смарт сағаттар, құлаққап, т.б) пайдаланған командалардан немесе жауап парақтарын уақтылы бермеген ұпай шегерілетін болады.
Қорытындылау және марапаттау:
Ұйымдастырушылар командалардың дұрыс жауаптарын қосып есептейді. Егер ұпай саны бірдей болып қалған жағдайда соңғы кезеңде көп ұпай жинаған команда алға шығады. Ең көп ұпай жинаған топтар ұйымдастырушылар қаржылай сыйлықпен марапатталады.
Қосымша ақпарат үшін:
8707-887-31-81 Әділхан Төлегенов;
8707-804-93-93 Амалхан Төлебек.