Осы аптада Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Көл-кент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесуде 2022 жылдың 2-тоқсанында елді мекен тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мәди Нұрлыбаев таныстырды. Осы мәселелердің орындалуы бақылауға алынған. Атап айтқанда:
-Теспе ауылында спорт кешенін салу.
-Спорт кешенін салуға әкімшілік тарапынан жер учаскесі белгіленіп, 14904749 теңгеге жобалық сметалық құжаттар дайындалып, 2023 жылға аудандық бюджетке қаржы қарауға ұсыныс жолданған.
2-мәселе.
-Теспе және М.Оразалиев ауылдарына Қайнарбұлақ ауылдық округі, Шіркін ауылынан арықпен суармалы ағын су келеді, бірақ Шіркін ауылының тұрғындары арыққа бөгет орнатып, судың келуіне кедергі келтіріп отыр.
-Шіркін ауылынан өтетін канал арқылы ағатын ағын суға бөгет талапқа сәйкес “Ақсу” МКК тарапынан орнатылған. Осыған байланысты ағын су бекітілген кестеге сәйкес кезегімен жауапты су мұраптардың қадағалауымен беріледі.
3-мәселе.
-Ханқорған ауылында спорт алаңшасын салу туралы.
-Ханқорған елді мекеніне спорт алаңшасын салуға Көлкент ауылдық әкімшілігі тарапынан тиісті құжаттар әзірленіп, аудандық құрылыс бөліміне жолданған. Құрылыс бөлімі тарапынан қазір конкурс өткізіліп жатыр.
Бұл кездесуде көлкенттіктер тағы да шешілуі тиіс мәселелерді алға тартты.