Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

САЙРАМ: СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Мемлекеттік рәміздер — еліміздің тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Сондықтан жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, мәдени-эстетикалық сезімін дамыту, оны рухани ұстанымына айналдыру басты мақсаттардың бірі.
Осы мақсатта Сайрам ауданында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйытқы болуымен «ҚР мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы» аясында және Республика күніне орай жастар арасында сурет салу байқауы өтті.
Байқауға 15-тен астам үміткер қатысып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде
3-орын Мырзакаримова Динараға, 2-орын Абдукаримова Динараға бұйырса, 1-орынды Марат Ажар қанжығалады.
Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.
Ә.МАРАТҰЛЫ,
Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры.

Пікір жазу