Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

САЙРАМ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

​ ​ ​ ​ Сайрам ауданының тауар өндірушілерімен күз айларында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналған. Бастысы, ауылшаруашылығында азық-түлік тауарларын тұрақтандыруға оң септігін тигізеді.
​ ​ ​ Әдетте, диқаншылар мен кәсіпкерлер жәрмеңкені мерекелік күн ретінде қабылдап, тұтынушылары үшін белсенді қатысып отырады.​ Бұл ретте, Республика күніне орай,​ жергілікті өнім өндірушілер аудан орталығындағы Орталық арбатта игі бастаманы жасады.​ ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ Жәрмеңкеге аудандағы ет-сүт​ өнімдерін, жеміс-жидектер мен көкөністерін өсіретін шаруа қожалықтары өнімдерін саудаға шығарды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

​ ​​ ​ ​ ​ Ауданда сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар жақсы дамыған. Атап айтқанда, «Айкан», «Давуд Мастер», «Натур продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, ЖК Курбанов секілді сүтті қайта өңдеушілердің сүт-айран, құрт, ірімшік және сары май өнімдері сатылымға шықты. Жалпы​ орта есеппен 80 кг құрт, 350 кг ірімшік,​ 150 литр сүт-айран, сыр өнімдерінің 10-15 түрлерінен ​ шамамен 300 кг. сатылды.

​ ​ ​ ​ ​ Бұдан бөлек,​ сауда қатарында 400 кг түрлі​ ет-шұжық өнімдерінен «Алма» АШӨК, ал 1,5​ тоннаға жуық концервіленген көкөніс мен жеміс өнімдері орын алды. Осы өнімдерді жеке кәсіпкерлер Казакова, В.Айдинов, Сараджевтер мен «Малеке» шаруа қожалығы өндіреді.
​ ​ ​ ​ ​ Өсімдік май, ұн өнімдерінен жеке кәсіпкер Урунбеков, Ибтикар, ​ «Байтана LTD» ЖШС-і, Абдукадиров Нусратуллалар 100 литр​ өсімдік май мен 1,7 тонна ұн өнімдерін ұсынды.
​ ​ ​ ​ ​ Қарабұлақ, Көлкент, Қарасу,​ Манкент, Қарамұрт секілді ауылдық округтерінен көкөністер мен жемістерді өсірушілер 5,5 тонна картоп, 3,9 тонна пияз, 2,5 тонна сәбіз, 1,2 тонна қырыққабат, 2,6 тонна асқабақ, 7 тонна алма-жүзім, 1 тоннадан артық қызанақ-қияр, 1,1 тонна баялды, 700 кг болгар бұрышы өнімдері саудаға шығарылды. Одан бөлек, 1 тоннадан аса сарымсақ, қызылша, тұрып және 25 кг көкшөп болды.
​ ​ ​ ​ ​ Ақсукент ауылдық округіндегі «Ксюша» тәтті тағам өнімдерін өндіретін цехы, сонымен қатар өзге ауылдардың наубайханашылары түрлі нан өнімдері мен бәліштерін саудалады.
​ ​ ​ ​ ​ ​ Көпшіліктің сұранысына ие болып жүрген «Отау» сауда белгісімен шығатын дайын қатпарлы қамыр өнімдері,​ сондай-ақ кептірілген өрік-мейіз өзге де құрғақ дәнді-дақылдарынан саудасы қызу жүрді.
​ ​ ​ ​ ​ ​ Аталған өнімдерден бөлек,​ жәрмеңкеге келген кейбір тұрғындар жерді құнарландыру мақсатында қолдан, табиғи жолмен дайындалатын «Биогумос» органикалық тыңайтқышы мен калифорниялық шылаушындарына ерекше қызығушылығын танытты.
​ ​ ​ ​ ​ Жәрмеңкеде тұрғындар
сапасы жоғары, табиғи таза жолмен өндірілген өнімдерді сатып алуына мүмкіндік берілді.
​ ​ ​ ​ ​ Бағасы жағынан нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен болды.
​ ​ ​ ​ ​ Аталған жәрмеңкенің өз деңгейінде өтуі үшін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ауылдық округтерінің әкімшіліктерімен бірге ұйымдастырды.
​ ​ ​ ​ ​ Аудан әкімі Уласбек Садибеков және тиісті басшылармен жәрмеңкені аралау барысында өнімдердің түрлері мен баға жағдайымен танысқан соң, ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне жыл сайын мол өнімге қол жеткізулерін тілеп, бейнетті еңбектеріне алғысын айтты.
​ ​ ​ ​ ​ Айта кетелік, ұлттық мерекенің қарсаңында Қарасу, Қарабұлақ, Қарамұрт және Манкент ауылдық округтерінде ашық аспан астында патриоттық әндерді шырқата отырып, жәрмеңке өтті. Онда өз аумақтарында өндірілетін өнімдер шығарылды.
​ ​ ​ ​ ​ Ағымдағы жылдың 23-24 қазан күндері Алматы қаласында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне Сайрам ауданынан 20 тоннадан артық көкөніс және түрлі өнімдер жеткізіліп, қала тұрғындарына тиімді бағада ұсынылуда.

Пікір жазу