Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: РӘМІЗДЕР АЛАҢЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫН КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

САЙРАМ: РӘМІЗДЕР АЛАҢЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫН КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Республика күні мерекесіне орай, Ақсукент ауылдық округінің Рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны аясында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Тарихты түгендеп, ұлттық рухты оятатын, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге бағытталған мерекелік іс-шараға аудан әкімі, сала басшылары мен белсенді жастар қатысты.
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров жасыл шырша ағашын отырғызып, ізгі тілектерін жеткізді.
Осы шараны Ақсукент ауылдық округінің әкімі Абдиманат Бурбеков жастар тобымен бірге сәтті жалғастырды.
Мұнан соң, жастар Мемлекеттік Туды желбірете отырып, «Жаса, Қазақстан» атты патриоттық әнін орындаумен, аудан орталығына қарай беттеді.
Жастар Ресурстық Орталығының басшысы Ә.Төлегеновтің ұйымдастыруымен Жібек жолы көшесі бойынан бастап Мәртөбе алаңына дейін мерекелік автошеру өтті.
Сонымен бірге, Республика күніне орай, аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аудан орталығындағы «Мәртөбе» алаңында қолөнер көрмесімен танысты.
Аудан тұрғындары жергілікті өнер шеберлері мен жастардың ашық аспан астында дайындаған ұлттық нақыштағы әшекейлер, ағаш және темірден жасалған бұйымдар, суреттер секілді қолөнерлерін тамашалады.
Абылай хан ескерткішінің алдында бір топ жас Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көкке көтеріп, патриоттық әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бүгінгі көпшілікке ұйымдастырылған іс-шарада белсенділер ұлттық мерекенің маңыздылығын танытып, туған жерді сүюге және Тәуелсіздік құндылықтарын бағалауға шақырды.

Пікір жазу