Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

22-қазан Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастамасымен №20 Сакен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында «Менің мамандығым — кітапханашы» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.
Іс-шара барысында «Шапағат-педагог» кәсіподағының төрайымы Г.Тлеубердиева осы салада жылдар бойы қажырлы еңбек етіп жүрген мамандарды АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттап, мерекелік сый-сияпаттар табыстады.
Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым отаны. Құрметті кітапхана қызметкерлері, Сіздерді кітапханашылар күнімен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ – береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!
Алғыс хатпен төмендегі азаматтар марапатталды:
«Шапағат-педагог» кәсіподағына мүше, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының кітапханашысы Қалдыбаева Забира Пернебекқызы
️»Шапағат-педагог» кәсіподағына мүше, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы Райымбердиев Гулайым Затыбековна
️»Шапағат-педагог» кәсіподағына мүше, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі №13 А.Навой атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы Ахмаднийязов Толкин Артикулович
️»Шапағат-педагог» кәсіподағына мүше, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі №26 Қашқари атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы Абубакиров Хуршиджан Анаркулович
️»Шапағат-педагог» кәсіподағына мүше, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі №10 Қарабұлақ жалпы орта мектебінің кітапханашысы Ибрагимов Даниер Дилмурадович, марапатталды.

Пікір жазу