Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сайрамда «Өзіңнен баста» атты іс-шарасы өтті

Сайрамда «Өзіңнен баста» атты іс-шарасы өтті

Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу- өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өзіңнен баста» атты іс-шара болып өтті. Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын дамыту, әр түрлі спорттық ойындарға қызығушылықтарын арттыру, денсаулықты сақтаудағы, дене тәрбиесінің алатын орнын түсіндіру, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану.
Дене шынықтырудың құндылығы Денсаулық фестиваліне «Өзіңнен баста» атты спорттық ойыны өткізілді. Бұл ойын бағдарламасында оқушылар шахмат, шашка, армреслинг және турникке тартылады. Спорт денсаулықты нығайтып қана қоймай, мінезді түзеп, ерік-жігерді шынықтырып, қиындықты жеңуге көмектесері сөзсіз. Адамның денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың –жаны сау»деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, сіздердің қолдарыңызда. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Салауаттылық –саулық кепілі, ал саулық –байлық негізі. Есірткі, нашақорлық-азаматты жұтатын аждаҺа екенін бір сәт естен шығармайық!
Өміріміз -өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Сондықтан салауатты өмір сүруге талпынып , денсаулықты сақтауға атсалысуымыз қажет. Ол үшін күнделікті таңертең жаттығулар жасауды , жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек , сонда ғана егеменді еліміздің мықты азаматы болып өсеміз. Денсаулығымыз –өз қолымызда , салауатты өмір сүруді -өзімізден бастайық!

 

Пікір жазу