Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӘСІПКЕ БАУЛУ

КӘСІПКЕ БАУЛУ

Заман талабына сай, жүннен, қыштан, ағаштан, темірден, зергерлік бұйымдар жасаушы, көркем сурет салушы, ұлттық нақышта тігіннен көрпе-төсек пен киімдерді дайындайтын туынды иелерінің қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды халыққа таныстырып кеңінен насихаттау. Халық арасында ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген тұлғалардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа танытып, қасиетті ұлтымыздың құндылықтарын сақтай отырып еңбекке баулу мақсатында «Көрме орталығы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен өткізілген «Ұлттық қолөнер-ұрпаққа ұлағат» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесіне Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинат» КММ-ң әдіскері Гульмира Көпбайқызы Тутаева және «Тігін ісі» кәсібінің мұғалімі Айжан Рәтәліқызы Тойшиева дайындаған туындыларымен қатысып, Алғыс хатқа ие болды. Әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілейміз.

Пікір жазу