Төріңнен қарт кетпесін. Осы тақырыпта Сайрам аудандық ардагерлер үйінде маңызы орасан кездесу болып өтті. Кездесуге ауданымыздағы қазыналы қариялар мен Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлері, Таулы Қарабақ этносаралық қақтығысының ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері қатысты.
Біз – «Төріңнен қарт кетпесін» деп дұға тілеген халықпыз. Қай кезең, қай заманда болмасын үлкендерді сыйлағандықтан зиян көрген қоғам болмаған. Қарттарға ілтипат көрсету – ең асыл, ең қымбат қасиет. Қарттарға құрмет көрсету жас ұрпақтың алдындағы парыз. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз,-деді ақпарттық-түсіндіру тобы штабының төрағасы А.Абдикадиров.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай
міне, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Біздің халқымыздың тарихы мен дәстүрінде әке-шешесін қарттар үйіне апарып тастау деген жаман әдет болмаған. Қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше болған: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген тәмсіл бар.