Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС

Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп. Білім – игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің, жарқын болашағымыздың негізгі қайнар көзі. Бәсекеге қабілетті дамыған ел болу үшін, біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз керек. Осы мақсатта білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздармен кездесу өтті. Кездесуе ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, ардгер ұстаз А.Қабылбеков және «Қарасу» БПҰ төрағасы Е.Асқаров «Ұстаздық еткен жалықпас» тақырыбында ой қозғап, болашаққа жарқын қадам басу жолдарын баяндады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев — «Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы», деген болатын.
Қазіргі кезде, еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялар мен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.

Пікір жазу