Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » НЕСИЕ АЛЫП, ШАРУАСЫН ТІКТЕУДЕ

НЕСИЕ АЛЫП, ШАРУАСЫН ТІКТЕУДЕ

Бүгінде кәсіп бастап, игеремін деген еңбекқор жандар үшін мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Яғни, несие алып, өз кәсібіңізді дөңгелетуге мүмкіндігіңіз бар. Жалпы, 2021-жылдың 8 айында аудан көлемінде 2529 тұрғын қаржы ұйымдарынан 2 млрд. 283 млн. жеңілдетілген несие алған.

Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев Қазығұрт ауыл округінде несие алып, өз жұмысын бастаған кәсіпкерлердің жұмысымен танысып шықты. Жерлесіміз Жеңіс Дүйсебаев 3,5 млн. теңге қаржы алып, өз үйінің мал қорасында ірі қара мал бордақылауда. Ал, Қалдыбай Жәнібек 2,5 млн. теңге қаржыға өз ауласынан шағын газоблок өндіруде, келешекте арнайы цех құрылысын салып өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланған. Нұржан Мұратов жиһаз жасау цехын ашып, аудан азаматтарын жұмыспен қамтып отыр. Жоралы Нарымбетов 6,8 млн. теңгеге өз ауласынан қора салып, алты түйе асырауда. Қымыран дайындап, көпшіліктің ықыласына бөленуде, алдағы уақытта түйе басын көбейту жоспарында бар.

 

 

 

Пікір жазу