Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

Қазіргі күні елімізде Республика Президентін кезектен тыс сайлау науқанына дайындық қызу жүргізілуде. Жуырда Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында ұйымдастырылған семинар-кеңес осы тақырыпқа арналды. Шара барысында сайлау күні учаскелік комиссиялардың әрекеті туралы, жалпы осы саяси науқанға өңірдің дайындығы жөнінде айтылды. Семинардың мақсаты да сайлауда комиссияның әр мүшесі заң аясында шешім қабылдауға дайын болуын үйрету болатын.

Семинарға учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Семинар барысында облыстан арнайы келген Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Данияр Оразымбетов пен Гүлбала Махамбетова сайлау заңнамалары мен процестерін ұйымдастыру және сайлау науқандарын өткізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы жиын сайлау комиссиясының жұмысы, науқанды ұйымдастыру мен өткізу ерекшелігі, сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік, дауыс беру тәртібі мен қорытындысы төңірегіне бағытталды.
Семинар барысында өңірлік сайлауды ұйымдастырушылар өзара пікір алмасып, өзекті мәселелер жөнінде ойын білдірді.

Олжас ЗАИРОВ.

Пікір жазу