Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселесі талқыланды

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселесі талқыланды

Түркістан облысының Қазығұрт аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция қызметкерлері жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі Айнатас елді мекенінде орналасқан Б.Момышұлы жалпы орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді, деп жазады аудандық полиция бөліміне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция қызметкерлері жастар арасында құқық бұзушылық және қылмыстарының алдын алу мақсатында сан түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізіп келеміз. Оның басым көпшілігінде Қазығұрт АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ қызметкерлерімен, адами әлеуетті дамыту басқармасының өкілдерімен бірлесіп, жастар ресурстық орталығы,прокуратура қызметкерлері мен жастарға дәріс өткізілді.
Яғни Қазығұрт ауданы Айнатас елді мекені орналасқан Б.Момышұлы жалпы орта мектебінің оқушыларымен «Жастар арасындағы құқықбұзушылыққа қарсымыз» және құқық бұзушылықтың алдын-алу және болдырмау деген тақырыпта нақты фактілерді келтіре отырып, шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысу үшін 50-ден аса оқушылар мен мұғалімдер арнайы залға жиналса, 30-ға жуық басқа да оқу орындарына жиналыстар өткізілуде .Сонымен қатар қыздар жиналысы да өткізіліп,жасөспірімдер өздерінің қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алып алғыстарын білдірді.
Барлық жастарға құқықбұзушылықтың арты жақсылыққа алып келмейтіні оған қатысты заң алдындағы жауапкершіліктері жіті түсіндірілді.
Жиналған оқушыларға әрқашан салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға, теріс әрекеттерге бармауға шақырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Пікір жазу