Бүгін Қазығұрт ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай аудандық мәдениет сарайында салтанатты шара өткізілді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мерекелік шараға аудан әкімі А.Абдуллаев, аудандық мәслихат депутаты С.Стыбаева, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М.Намешовтер қатысып, ауданымыздың барша қарияларын мерейлі мерекелерімен құттықтады.
Қазіргі уақытта, біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың үлесі деп есептеймін. 1 қазан күні саналы ғұмырларын Қазақстан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа таптырмас үлгі, өнеге», – деді Арман Айдарұлы. Шараға аудан ардагерлері қатысып, бірқатары ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін аудан әкімі мен аудандық ардагерлер кеңесі және аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты шараның соңы аудандық мәдениет сарайының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.