Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА АУЫЗ СУ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫЗДАРЫН ТОЛЫҚ ӨНДІРУ БОЙЫНША НАҚТЫ МЕРЗІМ БЕРІЛДІ

САЙРАМДА АУЫЗ СУ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫЗДАРЫН ТОЛЫҚ ӨНДІРУ БОЙЫНША НАҚТЫ МЕРЗІМ БЕРІЛДІ

Сайрам ауданы бойынша ауыз су тұтынушыларының қарыздарын толық өндіру бойынша нақты мерзім берілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпраттық агенттігі.
Аудан әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте аудан бойынша ауыз суға шығып отырған берешек қарыздарын өндіру мәселесі талқыланды. Аталған мәселені «Сайрам тазалық» ЖШС-нің директоры Ж.Матов бүгінгі таңда ауыз су тұтынушыларының қарыздары 70 млн. теңгені құрап отырғанын, сонымен қатар қалдық қаржылар мен олардан берешек қарыздарына байланысты ағымдағы жылдың қыркүйек және қазан айларында түскен төлемдеріне тоқталды.
Аудан әкімі ауылдық округтерінің әкімдері және «Сайрам тазалық» ЖШС-інің директорына, осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевке төлем жұмыстарын екі апта көлемінде аяқтауды тапсырды.

Пікір жазу