Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты, аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков орталықтың жағдайымен танысты, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Осы орталықта атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік қайтарымсыз грант, кәсіби оқыту курстары, тұрақты және қоғамдық жұмыспен қамту секілді мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті халықты әлеуметтік қолдау бағытында жүргізіліп отырған жұмыстардың барысымен танысты.
Орталықта бүгінгі таңда 7 бөлім бар. Онда 2 орынбасары және 30-ға жуық мамандары еңбек етуде.Барлық бөлімге бекітілген жұмыстармен аудан әкімі танысқан соң, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған Қансейіт Мұхамед Абылхасымұлын орталықта жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған жаңа қызметімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың әлеуметтік қорғалуына қызмет көрсететін сала басшылары мен мамандары жауапкершілікпен қарап, сапалы қызмет етудің қажеттілігін айтып, еңбектеріне табыс тіледі.
Аралау барысында орталықтың директоры Абзал Казанкапов алдағы жұмыс жоспарымен де бөлісті.

Пікір жазу