Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінде бөлім басшысы жанындағы кезектен тыс жекеменшік мектеп директорлары және мектепке дейінгі ұйым басшылары қатысқан мәжіліс болып өтті. Жиынға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева, Сайрам ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Бекболат Оспанов, әдістемелік кабинет меңгерушісі Гулнар Нуртанова, маман Сауле Кошкинбаева және жекеменшік мектеп басшылары, құрылтайшылары, есепшілері, қатысты.
Жиында адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаева оқу жылының басынан түйткілді шешімін таппай келе жатқан мәселе, жекеменшік мектептерге атау беру мәселесіне тоқталды.
Оларға ат беруде ауданда бұрыннан бар мектептердің атын қайталау, мектеп салған кәсіпкердің өзінің, туыстарының есімдерін беру жағдайлары орын алғандығын айтты. Мектеп салған кәсіпкерлер ономастикалық жұмысшы топқа мектепке ат беру туралы ұсыныспен бармағандығын да айтып өтті.
Бұл мектептердің аттары білім саласына қатысы жоқ, республикаға немесе облысқа танымал емес тұлғалар. Жаңадан салынып, ашылуы болған немесе енді ашылатын жекеменшік мектептердің атауын өзгерту және заң шеңберінде атау беру керектігіне тоқталды.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Оспанов жаңадан салынып жатқан, алдағы уақытта салынатын мемлекеттік және жеке меншік мектептерге атау беру кезінде басты назарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 маусымдағы әдістемелік ұсынымына сәйкес болуын қадағалауды, объектілерге тұлғалардың есімдерін беру кезінде Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» тізімін басшылыққа алуды ұсынды.

Пікір жазу