Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд өтуде

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд өтуде

Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101  жалпы орта мектебінде және Қарабұлақ ауылы аймақтарында 2022 жыл 25-қараша күндері Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері Сәкен Амангелдиев, Қанат Мырзатаевтармен Қарабұлақ ауылындағы барлық мектеп ТІЖД орынбасарлары және Сайрам АПБ ЖПҚ ЮПТ-ң полиция инспекторлары мен бірлесе отырып, мектеп ұжымдарының жауапты қызметкерлерімен оқушылардың қатысуымен түрлі оқыс оқиғалар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектептерде рейдтің және кезекшіліктің кестелері бекітілген болатын.
Осы орайда, күндізгі және түнгі рейдтік түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналармен түрлі келеңсіз оқиғалар, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында құқықтық түсіндірме іс-шаралары бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Сондықтан, мектепке қарасты учаскелерде 25.11.2022 жылы кезектегі «Түнгі қаладағы балалар» атты күндізгі және түнгі рейдтік іс- шараларының ТІЖДО З.Абдукадиров, мектептің жас мамандары Р.Сидиғалиев, М.Ирисбеков, С.Адилбеков, М.Бекташов, М.Сайдазимов, А.Ибрагимов және З.Ормановтар мектеп мөлтек учаскесіне қарасты мейрамханалар, кафе, тойханалар, балалар спорттық ойын-сауық орталықтарында және «Иман» сауда-сатық базарында рейдтік іс-шараларын ұйымдастырып өткізді.
Жеке мейрамхана, кафе, тойханалардың иелерімен кездесіп, «Бала еңбегін қанауға» жол бермеуге, оларға спирттік, алкагольдік, темекі, темекі тауарларын сатпауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырды. Ата-аналар мен спорттық ойын-сауық кешендері иелеріне балалардың түнгі 22:00 ден 06:00-ға дейін заңды өкілдерінің ерітіп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерлерде тыйым салынатыны жөнінде құқықтық-ақпараттық кеңестер мен ескертулерді назарларына жеткізіп, балаларды қабылдамауын ескертіп өтті.
Одан басқа ата-аналарға балалардын бос уақытын тиімді пайдалануға, қоғамдық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оқушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмау және мектеп уақытында, сабақ кезеңінде базарда, далаларда, дүкен және басқа жұмыс орындарда жүруіна тиім салынғанын ескертіп, сондай оқығалар орын алынатын болса әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлы салынатын түсіндіріп өтті.
Түн мезгілінде бей-берекет көшеде жүруге болмайды!
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша кәмелетке толмаған бала түнгі уақытта үйден тыс жерде ата-анасының бақылауынсыз жүруге болмайды. Яғни, түнгі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ға дейін заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз ойын-сауық орындарында, кафе-мейрамханаларда, вокзалда, дүкендерде, тіпті, көпқабатты үйлердің аулаларында да жүруіне тыйым салынады.
ӘЙТПЕСЕ: Бірінші ата-анасына жазбаша ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталанса, баланың ата-анасына (болмаса заңды өкілдеріне) 5 АЕК айыппұл салынады. Қазақстанда 2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап 1 АЕК=3030 теңге, олай болса 5 АЕК=15150 теңге. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін кәмелет жасына толмағандар құқық бұзушылық әрекетті жылына 2 рет қайталаса, жергілікті ішкі істер бөліміне тіркеуге алынып, 18 жасқа дейін есепте тұрады. Ал, егер сонымен қатар, жасөспірімнің алькоголді ішімдік ішкені анықталса, наркологиялық орталыққа 4 айға есепке алынады.
Түнде тыныштықты бұзуға болмайды!
НЕГЕ? ҚР Әкімшілік Кодексінің 437-бабына сәйкес, түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейiн жеке тұлғалардың демалысы мен тыныштығына кедергi келтiруге болмайды. Яғни, көршілердің тыныштығын бұзатын істерге тыйым салынады. Оларға: көңілді отырыстар, айқайлатып музыка қою, дүрсілдетіп пәтер жөндеу, ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі, отбасылық жанжалдар, тұрғынүй жайларының сыртында түнде жүргізілген құрылыс т.б. жатады. ӘЙТПЕСЕ… Жеке тұлғаларға – 5 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде сол әрекет қайталап жасалынса, онда айыппұл мөлшері өседі
Ескерту!
ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.
Ата-ана балаңыз қайда жүр?
Аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелері кәмелет жасына толмаған оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алды алу мен профилактикасына арналған жұмысын жақсартуда мектеп пен полиция басқармасымен профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жылдық бірлескен жоспары түзілген болатын. Онда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда жиі рейдтер ұйымдастырылып, 8-11-сынып оқушылары арасында құқықтық дәрістер және жаман әдеттерден сақтандыру мақсатында дөңгелек үстелдер, сұхбаттарды өткізу жоспарланған. Оқу жылы кезінде интернет желісі мен түрлі платформа арқылы да арнайы бағыттағы кеңестер беріледі және полиция департаменті бекіткен «Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі іс-шарасы» өткізілуде.
Жыл бойы «Түнгі қаладағы бала» атты ауқымды рейдтер жүргізіледі.
Соның ішінде оқушылардың кешкі уақытта көшеде жүру ережелерін егжей-тегжей түсіндіру қажет.
Ата-аналардың өз ұл-қызының қауіпсіздігіне бей-жай қарап, алаңдаушылық танытпайтынындары жетерлік.
– Баланың түнгі 22:00-ден кейін үй-жайдан тыс шығуы заңмен шектелгенін білсе де ата-анасы дүкенге жіберетін жағдайлар кездеседі. Не болмаса көшеде жалғыз жүреді, көпқабатты тұрғы үй ауласында отырады. Құқық бұзушылық пен қылмыстық оқиғалардың дені түнгі уақытта орын алатынын ескерсек, өрімдей жас балалардың түнделетіп жүруі кейде қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан, бала өмірі үшін сақтық шарасын ең алдымен ата-аналар ұстануына профилактика жасау маңызды.
ЗАҢ АЯСЫНДА кәмелет жасына толмағандарға көшеде тек ата-анасымен бірге жүруге ғана рұқсат берілген. Тіпті, бауыры не туысының өзіне (арнайы рұқсаты болмайынша) оларды ертіп жүруіне құқы жоқ. Түнгі «Серуенге» жол бергендердің ата-анасы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 442-бабының 2 бөлігі бойынша жауапқа тартылады.
Мәселен:
– Кәмелет жасқа толмағандарға сағат 22:00-ден 06:00-ғадейін заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салынады. Заң бұзылған жағдайда ата-анасына айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 442-бабының 3 бөлігі бойынша айыппұл ойын-сауық мекемелерін де айналып өтпейді. Балалардың үлкендердің қарауынсыз ойын-сауық орталығында болуына жол бергені үшін мекеме басшыларына айыппұл салу көзделген.
Кәмелетке толмағандар сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ға дейін заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрсе, бірінші ретте ата-анасына жазбаша ескерту жасалады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне айыппұл салуға әкеп соғады. Айыппұл соттың шешімімен салынады. Егер кәмелет жасына толмағандар құқық бұзушылық әрекетті жылына 2 рет қайталаса, жергілікті ішкі істер бөліміне тіркеуге алынып, 18 жасқа дейін есепте тұрады.
Бұдан бөлек жасөспірімнің алькоголді ішімдік ішкені анықталса, наркологиялық орталыққа 4 айға есепке алынуы мүмкін.
Құрметті ата-аналар демалыс күндері кезінде балаларға аса сақ болайық.

Пікір жазу