Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СПОРТТЫҢ ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ ОРАСАН ЗОР 

СПОРТТЫҢ ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ ОРАСАН ЗОР 

Бүгінгі жас жеткіншектерге тәлім-тәрбие беруде спорттық ұйымдардың атқаратын рөлі аз емес. Бос уақытын ұтымды пайдаланып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануына ұйытқы болып әрі еліміздің болашақ азаматтарының бойында қайсар мінез бен темірдей тәртіптілікті қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.
Осы орайда, Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің бастамасымен Ақбұлақ ауылдық округінде «Ауыл — ел тірегі» жобасы аясының онкүндіктің кезекті іс-шарасына орай, Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратымен бірлесе отырып, Ақбұлақ ауылдық округі бойынша спорт нұсқаушысы Жүрсінбеков Талғат Қайратұлымен жасөспірімдер арасында волейбол және ересектер арасында шахмат спорт ойындары өткізілді.

Пікір жазу