Облыс орталығы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне орай, «ALTYN KÚZ — 2022» мерекелік шарасы өтті.
Бұл күні жыл бойы талмай еңбек еткен шаруалардың еңбегі еленді.
Салтанатты іс-шарада Сайрам ауданы агроқұрылым саласын дамытуда озат аудандардың қатарынан табылып, жүлделі 1-ші орынды иеленді.
Сонымен қатар, аудандағы «Тұран Агро Ет Сүт» ауыл шаруашылығы өндірістік кешені сүт өнімдерін өндіруді дамытуда озат кешен және кәсіпкер малшаруашылығымен айналысатын «Курвантай Ата» шаруа қожалықтарына марапат тапсырылды.
Ауданымыз ағымдағы жылды да жақсы көрсеткішпен аяқтап отыр.
Бұл марапат әрине күннің ыстығы мен ызғарына қарамай, тынымсыз бейнеті арқылы елдің ырысын арттырып жүрген шаруалардың адал еңбегінің нәтижесі.
Ғ.Байболов, Кәсіпкерлер палатасы Сайрам аудандық филиалының директоры.