Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлері арқылы қамтамасыз етумен айналысатын басты сала.
Ауданда ауыл шаруашылығы ішінде өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығының дамуы қарқын алуда. Мемлекеттік қолдаулардың арқасында кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтарымыз баршылық.
Осы орайда, ауыл шаруашылығы жетіліп, жоғары нәтижені көрсетіп жатқаны қуантарлық жағдай.
Мәселен, күні кеше ғана Түркістан қаласында облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Алтын күз — 2022» мерекелік іс-шарасы салтанатты түрде тойланып өтті.
Бұл мерекелік іс-шарада ауыл шаруашылығындағы ауыз толтырып айтарлықтай жеткен жетістіктер мен облыс экономикасының әлеуеттенуіне өз үлестерін қосып жатқан ерен еңбеккерлер құрметке ие болды.
Соның ішінде жоғары көрсеткіш көрсетіп, облыстағы үздік аудандардың бірі Сайрам ауданы бірінші орынды иеленуімен құттықтаймын!
Барлық ауыл шаруашылығына байланысты еңбектер мен іс-қимылдардың арқасында аудан биыл екінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп, көзге түсіп жатыр.
Ауданымыздың барлық тұрғындарын, жеңістерімен құттықтай отырып, болашақта одан да жоғары көрсеткіштерге ие болатынына кәміл сенемін.
Мырзахан Керимбеков, Құтарыс ауылдық округінің әкімі.