Түркістан қалалық №9 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Табиғат — біздің ортақ үйіміз» атты саяхат іс-шарасы өтті. Шараның басты мақсаты — балаларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу, табиғатты қорғай білуге, сырын білуге, бір-бірімен жақсы қарым қатынаста болуға, бірігіп жұмыс жасай білуге үйрету. Сондай-ақ, ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, сөздік қорын молайтуға үйрету. Табиғаттың ұқыптылыққа және шынайылыққа тәрбиелеу.
Бұл саяхат барысында оқырмандарға қызықты сұрақтар қойылып, қызықты жауаптар алынды. Балалардың табиғат аясында отырып кітаптар оқып сұрақтарға оқырмандар еркін түрде қысылмай жауап берді.