«Отбасы күніне» орай, Түркістан қаласында «Жаңғыртайық дәстүрді» жобасы аясында «Дәстүр салтым-асыл қазынам» атты дәстүр кеші болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.
Қазақ халқы-салт-дәстүрге өте бай халық. Біздің халқымыздың түсінігінде ең бай қазына- адам! Адам мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп ,өмірде өз жолын табуы үшін, қарапайым тіршілік етуі үшін сол ұлт жасаған рухани құндылықтарды білуі, игеруі, қолынан келсе, айналасына, өзіңнен кейінгілерге үйретуі қажет. Ұлттық дәстүр, ата-бабадан келе жатқан салт-сана, ана уызымен жүрегің мен жадыңа тоқылған өнеге-сенің өмір жолыңды айқындайды. Біздің дәстүрімізде ұлттың тарихы, мәдениеті мен өнері, діні мен тілі адамды адам ететін адамгершілік қасиеттерінің ең озық үлгілері жинақталған.
Оосы бағытта Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасында өткен кеште балалар кітапханасының оқырмандары Айғаным мен Нұрайдың орындауында дәстүрлі әнмен бастау алды.
Кеш барысында балалар салт – дәстүрге арналған өлеңдерді нақышына келтіріп орындады. Бала жанына ізгілік пен инабаттылық дәнін себетін тәрбиелік мәні зор қазақтың ырым — тыйымдарын, мақал -мәтелдерін айтып, ой жарыстырып Ерсұлтан мен Інжу жинақылық пен шапшаңдылық танытып сыйлықтарға ие болды. Кешіміздің ең үлкен сыйлы кәдесін «Тұсаукесер» рәсімін Ырыс апамыз атқарды. Нұрсұлтан есімді кішкентай балапанның тұсауы кесіліп, күрмеуі шешілді. Ақнұрдың орындауындағы «Ата — әже» әні кештің шырайын ашып, бәріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кешіміздің қазыналы кейуаналары кеш қатысушыларына, балаларға батасын берді. Кеш өз деңгейінде көтеріңкі көңіл — күйде өтті.
Іс-шараның мақсаты — үлкендердің кейінгі жас ұрпаққа ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, үлкенді сыйлауға құрметтеуге, тәрбиелеу.
Осынай іс-шаралардың жиі өтуі арқылы жастарға ұлттық мәдениет пен қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының тәрбиелік мәні кеңінен дәріптеліп, олардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастырады.
Айта кетейік, Ел Президентi мемлекет — отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күнін Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Яғни, биыл бұл күн 11 қыркүйекке сәйкес келеді.