Биыл, белгілі, қазақтың біртуар ұлы, ел есінде ұлтының ұлы мұратын ұлықтаған ұлы тұлға ретінде мәңгі сақталатын, ұлтымен бірге жасайтын Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толып отыр.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – қазақтың парасат даналығын бойына сіңірген перзенті, ХХ ғасырдың аса көрнекті мемлекет қайраткері. Ол – терең ақылмен, жоғары мәдениетімен, турашыл, әділдігімен ерекше көзге түскен адам.
Осы ретте, Түркістан қалалық №11 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен бүкіл әлемге қазақ халқын танытқан кемеңгер тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Өзі өнеге, сөзі ғибрат марқасқа тұлға» атты кеш ұйымдастырылды. Халқымыздың біртуар перзенті, есімі дүние жүзіне мәшһүр болған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі ұрпаққа үлгі.
Еліміздің біртуар перзенті, есімі дүние жүзіне мәшhүр болған аса көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың өмірі ұрпаққа үлгі, заманның заңғар тұлғасына арналған рухани жаңғырудың негізін көздеген тұлға кешіне кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Іс-шарада Дінмұхаммед Қонаевтың өмірі мен мемлекеттік қызметі, оның республикамыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, кейбір саяси және құқықтық көзқарастары, Мемлекет басшысының саяси таланты туралы естеліктерімен бөлісті. Оның өмірі мен көп қырлы қызметі Қазақстанның ұлы дәуірінің символына айналды.
Сонымен қатар, Дінмұхаммед Ахметұлы басшылық қызмет атқарып жүрген кезде өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді.
Көптеген жылдар бойы елімізді басқарып, экономикамыздың өркендеуін, мәдениетіміздің гүлденуіне, халқымыздың тұрмыс дәрежесінің жақсаруына еңбек еткендігі жайлы, жыл өткен сайын кемеңгер тұлғаның бейнесі асқақтай түсетіні айтылды. Кітапхана оқырмандары қанатты сөздерін, естелік өсиеттерін жатқа айтты.
Сонымен қатар №8 кітапхана-филиалы «Заманымыздың ұлы тұлғасы» танымдық сағаты, №5 кітапхана-филиалы «Ұлт перзенті» атты портреттік кеш, №7 кітапхана-филиалы «Кемеңгер көсемімсің ту ұстаған» атты тарихи танымдық сағат, №9 кітапхана-филиалы «Ұлт перзенті» атты тарихи кеш болып өтті.