Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » Түркістанда «Отбасымен кітап оқы» тақырыбында байқау өтті

Түркістанда «Отбасымен кітап оқы» тақырыбында байқау өтті

Отбасы күніне орай жастарымыздың рухани дүниеге деген көзқарасы және біздің оларға беріп отырған ұтқыр тәлім-тәрбиеміз туралы Түркістан қалалық  №7 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Отбасымен кітап оқы» тақырыбында байқау болып өтті. Сайысқа  5-7 сынып оқушылары,  ата-аналарымен және  Каримова Салтанат, Пернебай Гүлжайна, Жұмабек  Жамила қатысты.

Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі  ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін кітаптан алған. Кітаптың – рухани қазына аталуы да сондықтан.

Сайыстың бірінші кезеңі қазақ балалар әдебиетінің жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа», Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя», «Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» шығармалары бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңі шығармадағы кейіпкерлердің жағымды-жағымсыз образдарын талдады. Іс-шараға қатысқан отбасылық оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.

Одан бөлек, қалалық №6 кітапхана- филиалының   ұйымдастыруымен  Отбасы күніне орай «Отбасы-Отан тірегі»   атты өнеге кеші болып өтті. Мақсаты оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. 6 «ә» сынып оқушысы Алим Улуғбек «Ана» туралы әнін тарту етті. Оқырмандар «Отбасы-шабыт көзі» атты кітап көрмесімен танысты.

 

 

Пікір жазу