2007 жылдан бері 4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі. Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ресми бекітілгеніне 30 жыл толып отыр. Осы орайда Түркістан қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты мекемелерде оқырмандардың қатысуымен ұйымдастырылып өткізілген бірқатар шараларды жариялауды жөн көрдік.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеу мен қастерлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу бойынша құрылған қалалық ақпараттық –насихаттық топтың кестесіне сәйкес, Түрікстан қалалық орталық кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар арасында ой-талқы болып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Түркістан облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Әшірұлы Бегимов Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұратынын, барша жұрттың теңдігі, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізгенін айтып өтті. Түркістан облыстық ауған соғысы ардагерлер мен мүгедектер кеңесі қоғамдық бірлестігінің орныбасары Нұрболат Оңалбайұлы Бейсенов пен Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Журкаева Жансұлу Божбанбайқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимылдың мүдделер қақтығысын болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жағдайында жастар санасына адалдыққа, әділеттілікке, қайырымдылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу керектігін айтып, сөзін қорытындылады.
Іс- шара соңында қонақтар мен оқырмандар «Үмітін елдің арқалап- арманнан туған Рәміздер» атты кітап көрмесімен танысты.
Сонымен қатар, Түркістан қалалық орталық кітапхана мен Түркістан көпсалалы қолөнер колледжімен бірлесе отырып 4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне — 30 жыл толуына орай «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған Рәміздер» атты студенттер арасында елжандылық кеш болып өтті. Кештің мақсаты жастарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Кешке Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің кітапханашысы Одаман Гүлсара, Балғабаева, Дәрібаева қатысып, елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше екенін айтып өтсе, колледж студенттері Мырзабек Ақбота, Тойжан Шағала, Шерметова Зияда, Орынбасар Гүлсезім, Тоқтасын Ажар Ту, Елтаңба, Әнұран туралы жыр шумақтарын мәнерлеп оқып берді. Кеш соңында студенттер «Рәміздеріміз – бойтұмарымыз» атты кітап көрмесімен танысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл толуына орай оқырмандарға Мемлекеттік Рәмізге деген құрметті насихаттай отырып, ұлттық Рәміздеріміздің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасай отырып, Отанына адал қызмет етіп, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында балалар кітапханасы «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің айбаты мен мерейі» атты кітап көрмесіне ақпараттық шолу, №1 кітапхана-филиалы «Қасиетті рәміздер — елдігіміздің нышаны» атты тақырыптық кеш, №7 кітапхана-филиалдары «Ел рәміздері – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты еркін пікір алаңы, №4 кітапхана-филиалы «Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы» атты мерекелік кеш, «Рәміздер» алаңында «Рәміздер — елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты тақырыпта мерекелік іс шара болып өтті.
Негізгі мақсаты Елтаңба, Ту, Әнұран туралы тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді арттыру, жастарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Шарада «Тәуелсіздік нышаны — мемлекеттік Рәміздер» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Атаулы шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, байқауға қатысушыларды марапаттады. Бұл байқау «Рәміздер- мемлекет дамуының ажырамас бөлігі», «Тәуелсіздік символы- рәміздер», «Ел егемендігі мен ұлттық бір тұтастығымыздың нышаны» номинациялары бойынша өткізіліп, жалпы 22 қатысушы бақтарын сынаған болатын. Шараға зиялы қауым өкілдері мен қонақтар қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы кеңінен мәлімет алды. Оқушылар Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Әнұран, Отан, туған жер туралы өлеңдерді жатқа оқып, патриоттық әндер шырқады.
Түркістан қалалық орталық кітапхананың «Жаңарған жаңа Қазақстан», «Ту, Елтаңба, Әнұран тірегіміз», «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған Рәміздер» «Түлеген, түрленген Түркістан», «Әдеби мәдени әлем» атты бөлімдерден кең көлемде кітап көрмесі жасалынып, таныстырылды.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретіндеатап өтіледі.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтудің басты негізі – Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлтқа деген патриотизмді қалыптастыру, ел идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Ұлтымыздың рухын, салт – санасын, халқымыздың қаһармандығы мен даналығын, болашаққа арман – тілегін, үмітін жеткізетін киелі құндылықтар.
Болашақ ұрпақтың бойына Отанға деген адалдықтың бір белгісі саналатын – Мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту қасиетін дарыту біздің басты міндетіміз.