Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » РУХАНИ ҚАЛАДА «ДЕНІ САУДЫҢ – ТӘНІ САУ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

РУХАНИ ҚАЛАДА «ДЕНІ САУДЫҢ – ТӘНІ САУ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты мекемелерде салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қала мектептерімен бірлесе отырып бірқатар шаралар өткізілді.  №5 кітапхана-филиалы №23 ІТ мектеп-лицейінде «Дені саудың – тәні сау» атты сыр сұхбат болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.

Кеш қонақтары мектеп мұғалімдері Аймурза Анел, Дауылбай Нүрила, кітапханашы Абласова Айзат, медбике Келімбетова Қарлығаш және оқушылар қатысып, сыр-сұхбат барысында медбике сұрақтарға тұжымды жауап бере отырып, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екендігін және  тазалық, жеке бас гигиенасын сақтауға  мәдени дағдыларын қалыптастыруға шақырды. Мақсаты жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

Сонымен қатар, жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіре отырып,салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында №1, 9 кітапхана-филиалдарының Әмір Темір мектебінде 7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай  «Денсаулық қалашығында» атты танымдық сағат, №6 кітапхана-филиалы  «Дені  сау  ұрпақ — қоғам  жетістігі»  атты  оқырмандар  арасында  сыр-сұхбат  кеші,   №7 кітапхана-филиалы «Денсаулық — зор байлық» атты пікір алмасу, №8 кітапхана-филиалы Облыстық дәрігерлік — дене тәрбие диспансерінің қызметкерлерімен «Денсаулық — басты байлық » атты  денсаулық сағатын  ұйымдастырды.

Қалалық №6 кітапхана –филиалының   ұйымдастыруымен   «Денсаулық –қоғам байлығы»  атты оқырмандар арасында әңгіме кеш болып өтті. Мақсаты: жас ұрпаққа ішімдік, темекінің  адам баласын аздыратын зиянды заттардан аулақ болу жақтарын түсіндіру.

Одан бөлек, Фараб кітапханасы «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр» атты марафон ұйымдастырды. Мақсаты спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу. Марафонға облыстық кітапхана қызметкерлері, қалалық кітапханашылар, қала тұрғындары қатысып, орталық кітапхана меңгерушісі М.Мамирова бас жүлде, белсене қатысқан Ж.Жуманова, А.Жұмантаева, А.Жоланова алғыс хатпен марапатталды.

 

Пікір жазу