Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » Түркістанда «Өлең жырға сыршыл жырын өрнектеген…» атты поэзия кеші өтті

Түркістанда «Өлең жырға сыршыл жырын өрнектеген…» атты поэзия кеші өтті

Ақын Мария Мерешованың 85 жылдығына орай Түркістан қалалық орталық кітапхананың жанынан ашылған «Қайнар бұлақ» әдеби отауының ұйымдастыруымен «Өлең жырға сыршыл жырын өрнектеген…» атты поэзия кеші болып өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Аталмыш шараның басты мақсаты оқырмандарды ақынның шығармашылығымен таныстырып,  жастарды поэзияға деген құштарлықтарын ояту, ізеттілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Кешке  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан  Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық байқауының  лауреаты, әнші-композитор, ұстаз Елеуов Сауранбек Еркінбекұлы, «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестік төрайымы, Журналистер Одағының мүшесі Пашанова Алима Сунатуллақызы, «Ғажайып Қазақстан» журналының бас редакторы Жібек Искакова, кітапханашы, зейнеткер, аяулы әже Тойлақова Раушан, Нәзір Төреқұлов атындағы музейінің ғылыми қызметкері Исабекова Айгүл,Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің кітапханашысы  Одаман Гүлсара және т.б. қатысып ақынның естеліктерімен ой бөлісті. Оқырмандар Абдусаттар Нұрәділ, Темірхан Аяна, Төребек Мақпал, Сейітмұқан Айгерім,  Халықаралық қазақ –түрік универстиетінің 1 курст студенті Шұғыла Нұрғалиқызы ақынның жырларынан  мәнерлеп әсермен оқыды.  Кеш барысында  әнші – композитор, ұстаз Елеуов Сауранбек Еркінбекұлы «Түркістан вальсі», «Түркістан» атты әндерін баянмен  әуелете орындады. Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Малдыбекова Күлзада Жұмағұлқызы кешті қортындылап, белсене қатысқан оқырмандарды алғыс хатпен марапаттады. Керемет кездесу кешінің куәгері болған оқырмандар, қонақтар мен кітапханашылар «Өмірін өлеңменен өрнектеген» атты кітап көрмесін тамашалап, көтеріңкі көңіл –күймен тарқасты.

Одан бөлек, №6 кітапхана-филиалы   ұйымдастыруымен  ақын Мария Мерешованың  85 жылдығына орай  «Жырларым  менің  сырларым»  атты  поэзия  кеші  болып  өтті. Поэзия кеші барысында оқырмандар ақынның жырларын мәнермен жатқа оқып, ақын туралы пікірлер айтылды,  кітап көрмесімен танысты.

 

Пікір жазу