Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » «Адалдық алаңы» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті

«Адалдық алаңы» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті

Түркістан қаласының кітапханалар жүйелерінде қоғамдық маңызы бар шараларды өткізу тұрақты жолға қойылған.

Түркістан қалалық №6 кітапхана-филиалының  ұйымдастыруымен 24 қыркүйек күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында«Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» атты тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.

Шараны  өткізудегі  басты  мақсатымыз қоғамның әр-түрлі  орталарындағы  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын-алу  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы  заңдарды  негізге  ала  отырып, құқықтық  мағлұмат  беру. Кешке Ергеш Иззатуллаев жалпы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысып, өз ойларын айтып өтті. Кеш соңында оқырмандар «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты кітап көрмесімен танысты.

Сонымен бірге, «Парасат жолы» орталығында қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Түркістан көпсалалы қолөнер колледжімен бірлесе отырып «Адалдық. Парасаттылық. Әділдік» атты жастар мінбері І-ІІ – курс студенттер арасында болып өтті. Іс — шараның мақсаты адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету, оқушыларға өмірде ата-анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу.

Шара кезінде Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің мұғалімдері Кубайдарова Жанбота, Идирисова Ақбала мен колледж кітапханашысы Одаман Гүлсара, орталық кітапхананың кітапханашылары Мамирова Марияш, Төле Жайсан, Имамбердиева Гүлмира, Аманкулова Жәудір қатысып, ойлы пікірлерімен бөлісті. Шарада ақын — жазушылардың адалдық, парасаттылық жайында жазған шығармаларынан студенттер Шакирова Дилмира, Закирова Умида, Алаханова Индира, Мамыхан Назгүл, Мұхтар Самат мәнерлеп оқыды.

Іс-шара соңында студенттер «Парасат жолы- адалдыққа бастар жол» атты кітап көрмесімен танысты.

 

Пікір жазу