Түркістан қалалық Мәдениет үйінде композитор, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтың туғанына 90 жыл толуына орай “Ұлттық музыка академигі” атты танымдық- музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.
Ісшараның мақсаты– оқырман қауымға композитор Еркеғали Рахмадиевтің өмірі мен шығармашылығын, еңбек жолын жақын таныстыру,республиканың мәдени өңірінде айырықша орын алған туындылары мен әдебиеттерді насихаттау.
Е.Рахмадиев – қазақ өнері үшін бағасыз үлес қосқан XX ғасырдың басындағы ең жарқын тұлға. Ол қазақ халқының көрнекті композиторы бола отырып, музыка өнеріндегі тұтас бір дәуірдің тұлғасына айналды.
Қазақстандағы музыкалық мәдениетте алар орыны ерекше Еркеғали Рахмадиев 1932 жылы дүниеге келген. Шығармашылығының көбі сайын дала келбетінің әсемдігімен қалыптасқан, туған халқының адамгершілігі, елдігіне қатысты жырланады. Оның әндік әуендері халық даналығының қайнар бұлағынан, оптимистік дүниетанымынан көрініс табатын лирикалық шынайылықпен толықтырылып, тартымдылығымен ерекшеленеді. Композитордың лирикалық поэзиясы өзінің өткірлігі, сезімдері мен эмоцияларының жоғары деңгейде құрылуымен сипатталады. Оның вокалдық-хорлық, оркестрлік, театрлық-сахналық, яғни үлкенді-кішілі формадағы шығармаларына лиризм тән. Еркеғали Рахмадиев – өз халқының мәдениетімен терең байланысқан композитор…Оның музыкасы заманауи қазақ музыкасының бетке ұстар үлгісі.Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен шараға өнерсүйер қауым қатысты.
«Еркеғали Рахмадиевтың артында қалған мол мәдени мұралары өзінің өміршеңдігімен ерекшеленеді. Симфониялық шығармалар жазу тек кәсіби композиторларға ғана бұйырған бақыт. Бұл өз кезегінде үлкен сауаттылықты қажет етеді. Міне, осындай талантты сазгерлердің ішінде Еркеғали Рахмадиев те бар. Сазгердің жүрегінен туған “Қамар сұлу” , “Дала таңы”, “Дайрабай”, “Құдаша-думан” симфониялық күйлері мен “Амангелді”, “Толғау” сынды өзге де шығармалары сөзімнің дәлелі іспеттес” ,-деді шарада сөз алған әнші-сазгер, мәдениет саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ақын-ұстаз Қаламқас Өтеуова. Сондай-ақ ол өнер саласында еңбегі сіңген тұлғалар жайында осындай шара ұйымдастырған Мәдениет үйі қызметкерлеріне риясыз ризашылығын білдірді.
Өнер кешіне арнайы келген көпшілік Мәдениет үйі әншілерінің концерттік бағдарламасын тамашалап, ерекше көңіл күймен тарасты.