Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атады. Осы ретте Мемлекет басшысы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. Президентіміз бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде ғана емес, балаларды қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау керектігін тапсырды.
Осы орайда, «Балалар жылына» орай Түркістан қаласындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оның алдын алу бойынша келелі кездесу өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Жастардың білімді, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған басқосуға Түркістан қаласы прокурорының орынбасары Күмісхан Таңатов, қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, полиция қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.
Жиында қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев баяндама жасап, оқушылардың түнгі мезгілде компьютерлік ойынханаларды жүрмеуін қатаң қадағалау керектігін атап өтті. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасованың сөзінше, бала тәрбиесінде мектептегі мұғалімдерден бөлек, ата-аналардың да рөлі жоғары. Сондықтан, «Тәрбиесіз берілген біл, адамзаттың қас жауы» тәмсілінің маңызы әрдайым жоғары.
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру мекемелерімен полиция органдарында профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдерді бақылау және жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Қала көлемінде 55 білім беру ұйымдары бар. Осыған байланысты, барлық қызметкерлер 9 аймаққа бөлініп, жауапты етіп бекітілген. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қалалық прокуратура, әкімшілік және адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлесіп, жасөспірім оқушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін 382 кездесу ұйымдастырылған»,-деді қаланың бас полицейі Бауыржан Дәулетханұлы.
Жоспарға сәйкес, қалалық полиция басқармасы тарапынан «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Жасөспірім», «Абайлаңыз балалар», «Түнгі қаладағы балалар» атауымен түнгі рейдтік іс-шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл — күн тәртібінен түспейтін көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Пікір жазу