Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: 163 ЧЕМПИОНДЫ БАПТАҒАН МЕКТЕП

ТҮРКІСТАН: 163 ЧЕМПИОНДЫ БАПТАҒАН МЕКТЕП

Түркістан қаласындағы Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» 1999 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Онда спорттың 19 түрінен 1495 бала жаттығуда. Арасында 4-Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 102 — Қазақстан Республикасының спорт шебері бар.
Сонымен қатар, мектепте 82 жаттықтырушы қызмет етуде. Олардың 4-еуі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары.
Биылғы жылы спортшыларымыз Әлем чемпионатында – 8 алтын, 10 күміс, 6 қола; Азия чемпионаты мен Азия кубогінде – 5 күміс, 6 қола; Қазақстан Республикасының чемпионаттарында – 43 алтын, 32 күміс, 53 қола медаль еншіледі және 6 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды.
Спорт әлемінің жарық жұлдызы дзюдошы Хамза Дидар Ә.Нұрмаханов спорт мектебінің шәкірті. Дзюдошы Манғолияның астанасы Улан-Баторда өткен «Гран Слам» турнирінің қола жүлдегері, елордада өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Сонымен қатар, Самбодан Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, 5 дүркін Азия чемпионы, Әлемнің 3 рет күміс жүлдегері атанған Айжан Жылқыбаева спорт мектебіміздің түлегі. Айжан қазіргі уақытта өзі білім алған спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарады.
Сондай-ақ, 2022 жылдың «Түркістан барысы» атанған Бибарыс Әбдіғани, әйелдер күресінен жастар арасында Әлем чемпионатының жеңімпазы Нюлифар Раимова, әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионатының жеңімпазы Муслим Асадиллаұлы, Азия ойындарының қола жүлдегері және бірнеше Халықаралық турнирлердің жеңімпазы таэквондошы Нұрлан Мырзабаев пен кәсіпқой бокста атой салып жүрген түркістандық боксшы Бек Нұрмағанбет те аталған мектептің түлектері.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінде: бокс; дзюдо; таэквондо; еркін күресі; грек-рим күресі; қазақ күресі; самбо күресі; белбеу күресі; таэквондо ITF; панкратион; греплинг (AIGA нұсқасы); ушу-санда; муайтай; жауынгерлік самбо; кикбоксинг; батуттық гимнастика; джиу-джитсу; әмбебап жекпе-жек; пенчак силат спорт түрлері үйірмелерінде балалар тегін жаттыға алады.
Қазіргі таңда облыс орталығында — 231 спорт нысаны бар.
Атап айтқанда: 1- спорт сарайы, 3 — стадион, 4 — спорт кешені, 139 — спорт ойын алаңы мен 10 — теннис корты жұмыс жасаса, сонымен бірге, 6- бассейн, 64 ашық спорт алаңшасы мен 69 спорт залы тұрғындар игілігіне қызмет етуде.

Пікір жазу