Түркістан қаласының полиция басқармасы жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде», 9-10 қыркүйек күндері «Жолда қабылдау» акциясы өтуде.
Акцияда қалалық полиция басқармасының әкімшілік, жергілікті және көші-қон қызметтерінің 8 қызметкері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Тұрғындар көші-қон заңдары, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші және жеке куәлік алуға,
жол қауіпсіздігінен бастап, әкімшілік айыппұлдарды төлеуге қатысты сұрақтарына жауап ала алады.
Акцияның алғашқы күні жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, соның ішінде, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәліктерін, төлқұжаттар мен жеке куәлік беру, жол қозғалысын ұтымды ұйымдастыру бойынша-18 азамат, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша-23 азамат құқықтық кеңес алды.