Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жасыл желек – жанға сая

Жасыл желек – жанға сая

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардағы жасыл желекті күтіп баптау және тазалық жұмыстарының атқарылуын аралап тексерді.
Әкімшілік-іскерлік орталығындағы гүлзар аумағын, әуежайға апаратын жол бойындағы көгал, Б.Саттарханов даңғылындағы желілік саябақтар және мәдени-рухани орталық аумағының қазіргі жай-күйін бақылап, кемшіліктер бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жыл басынан бері жалпы 12,2 гектарға 15 мыңнан астам емен көшеттері, 9000 ш.м аумақта көгал егілді.
Ш.Тілеу, Байбұрт, С.Қожанов, Майкотов көшелері мен Есімхан алаңына түрлі қылқан жапырақты 12 мыңға жуық ағаш көшеттері демеушілер есебінен отырғызылды.
Түркістан географиялық белдеу бойынша шөлейтті аймақта орналасқандықтан қаланың микро климатын өзгерту үшін, қала аумағын толықтай суландыру мақсатында гидрантты жүйемен су жүргізу және егілген талдарды суару жобалары қолға алынып, жүзеге асырылуда.
45 саябақ, гүлзарлар және демалыс аймақтарының жағдайы тұрақты қадағаланып, аяқжолдар мен балалар ойын алаңдарында анықталған кемшіліктер мерзімінде қалпына келтірілуде.

Пікір жазу