Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА МЫРЗАХАН ПОШАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА МЫРЗАХАН ПОШАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Облыс орталығында балалар жылына орай кезекті спорттық шара өтті.
Шара қоғам қайраткері Мырзахан Пошановты еске алуға арналды.
Жарыста футболдан облыстың түкпір-түкпірінен келген, 12 мен 13 жас аралығындағы ойыншылардан құралған 18 команда бақ сынасты.
Ашық біріншілікте алдымен шаһардағы М. Пошанов ескерткішінде қайраткердің рухына құран бағышталып, еске алу шарасы ұйымдастырылды.
Жиында ғалым, профессор Күнпейіс Жұмахан Қалпейісұлы, қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» басшысы Әбдіжаппар Сәкенұлы сөз сөйледі.
Мырзахан Пошанов — Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Одақтық мемлекеттік мақта инспекциясының Қазақстан бойынша уәкілі, Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, қазақтың тұңғыш әріптерушілерінен бірі, қоғам дамуына үлес қосқан қайраткер болған.
Бәйгені ашып берген, шарада демеушілік жасаған еңбек ардагері және қаланың «Құрметті азаматы» Серік Ибадуллаев:
«Балалар біздің — болашағымыз! Олардың нағыз патриот болып өсуі ата-бабаларымыздың қалдырған ізгі жолы мен үлкендерден алған өнегесіне байланысты»деп, балаларға батасын берді.
Жарыс нәтижесі бойынша:
1 орын — ССК «Астана» Түркістан қаласы
2 орын — Арыс футбол клубы (Арыс қаласы)
3 орын — Арыс спорт мектебі (Сайрам ауданы) иеленді.

 

Пікір жазу