Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Төрт жылдан аса уақыт ішінде қыруар еңбектің нәтижесінде түрлене түскен Түркістан қаласы бүгінде нағыз мәдениет пен руханияттың орталығына айналуда.

Түркістанда түрлі қоғамдық маңызы бар, мерекелік, мәдени-спорттық іс-шаралар топтамасы ұсынылатын мәдени демалыс маусымы ашылды.
Алдағы аптаның ең қызықты оқиғаларының кестесін назарларыңызға ұсынамыз:
— 5-16 қазан аралығында әр демалыс күндері этноауылда «Дәстүр» этно-экскурсиялары өткізіледі. Онда кәсіби гидтер ата-бабаларымыздың өмір салты туралы қызықты деректермен бөліседі;
— 15 қазан мен 15 қараша аралығында мәдени-іскерлік орталықта әр демалыс сайын ашық аспан астында кино көрсетілімдер болады.
— 11-16 қазан аралығында Олимпиада орталығы кешенінде бокстан 2004-2005 жылы туған ұлдар арасында 20-шы халықаралық турнир өтеді.
— 14 қазанда «Түркістан Арена» стадионында футболдан Қазақстан чемпионатының XXIII тур ойындары өтеді. Алаңда «Тұран» мен «Ақсу» командалары кездеседі.
— 14 қазан мен 12 қараша аралығында «Әзірет-Сұлтан» кешенінде халем ботқасын тарату рәсімі болады. Бұл ас дайындау дәстүрін жаңғырту мақсатында өтеді.
— 21-30 қазан аралығында этноауылда қолөнер жәрмеңкесі өтеді. Қазақстанның әр өңірінен келген 25 қолөнерші өз туындыларын ұсынады;
— 22 қазан мен 12 қараша аралығында Turkistan Arena мен Фараб кітапханасында BasQosu Live жобасы өтеді. Онда бейресми лекциялар мен шеберлік сабақтарында табысты тұлғалар құпиялары мен кеңестерін айтады.
— 23 қазан күні сағат 18:00-де «Керуен Сарай» туристік кешенінде «Тhe Spirit of Turkistan» заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Дәстүрлі және заманауи этникалық музыка жанрының жарқын өкілдері Түркістанда бас қосады. Онда Аббос (Өзбекстан), Гүлзада (Қырғызстан), Ситора Назарова (Тәжікстан – Қазақстан), Дала ұлдары (Қазақстан), Ашина (Қазақстан) және диджей Едіге (Қазақстан) өнер көрсетеді.

 

Пікір жазу