Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ — ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ — ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Түркістан қаласында «Еңбек күні» мерексі қарсаңында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл жұмыссыздар санын азайту үшін өткен үшінші жәрмеңке.
Жәрмеңкеге екі жүз елуден аса тұрғын келді. Онда 333 мекемеден 941 бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың 352-сі — 35 мекеменің қоғамдық негізде, 189-ы — 106 мекеменің тұрақты негізде, қалғаны жеке кәсіпкерлердің сұранысы бойынша жасалды.
Жәрмеңкеде алғы сөз сөйлеген Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы жұмыссыз тұрғындар үшін жасалған таптырмас мүмкіндіктен игі нәтижелерін шығатынын айтты. Сонымен қатар, қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Пернебекқызы мұндай шаралардың әлі де жалғаса беретінін жеткізді.
Жәрмеңкеде неше үміткер жаңа жұмыс орындарына орналасқаны ертең белгілі болады.
Айта кетейік, елімізде 2013 жылдан бері  қыркүйек айының ең соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі аталып  өтіп жүргені баршаға белгілі. Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленген. Аталған мерекенің басты мақсаты жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту, дәріптеу болып табылады. Аталмыш мейрам дәстүрлі түрде жалғасып, бүгінгі күндері жастар арасында еңбекті дәріптеп келеді.

Пікір жазу