Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕКТЕПТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАЛАЙ САҚТАЛУЫ КЕРЕК?

МЕКТЕПТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАЛАЙ САҚТАЛУЫ КЕРЕК?

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.  Жыл басынан бері елімізде осыған орай көптеген шаралар жүзеге асып келеді.
Осы орайда, Балалар жылы аяында Түркістанда қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты балабақша, мектептердің өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша мәжіліс өтті.
Жиынға қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде білім беру объектілерінің өртке қарсы жағдайына, тиісті режимді сақтауға, өрт автоматикасы жүйелерін және өртке қарсы құрал-саймандарды ұстау және техникалық қызмет көрсету тәртібіне, өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібіне және эвакуациялау процесін ұйымдастыруға, және жер сілкінісіне орай оқу-жаттығуды уақытылы және сапалы орындауға қатысты мәселелер айтылды.
Кеңеске қатысушыларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелерін жұмыс жағдайында ұстау; өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлар берген нұсқамаларды толық көлемде орындау; қызметкерлермен және персоналмен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқама және қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар тұрақты негізде өткізу; мекемелердің электр шаруашылығының жағдайына ерекше назар аудару тапсырылды.

Пікір жазу