Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕКТЕПТЕРГЕ 1000-НАН АСТАМ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

МЕКТЕПТЕРГЕ 1000-НАН АСТАМ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Биыл – Балалар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деп атап өткен болатын.
Осы орайда, балалар жылы аясында түркістандық жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласындағы білім беру ұйымдарында білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді.
Мақсат — Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау.
Бүгінгі күні Түркістан қаласындағы 55 мектеп 1164 бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Олардың 700-і мектеп ішінде, 464-і сыртында орналасқан.
Камералардың барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.
Бейнебақылау жүйесі тиісті мониторға шығарылып, нақты уақыты көрсетіліп тұрады. Жазба 30 күнге дейін сақталады. Бұл білім беру мекемелерінде орын алған кез-келген құқық бұзушылықтың алдын жылдам алуға көмектеседі.
Қазіргі уақытта мектептердегі бейнебақылау жүйелерін күзетші мен оқу орнының басшылығы қадағалайды.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледждер камералармен толық қамтылған.

Пікір жазу