Қарттар күні мерекесі аясында Түркістан қаласынан зиялы қауым өкілдері Ұлытау облысына тарихи-танымдық сапарға аттанды. Ардагерлерге ақ жол тілеген қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ақ жол тілеп, салтанатты түрде шығарып салды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы десе, Ұлытауға ұлттың ұясы деп баға берген-ді. Ата-бабалар салған сара жол – бірлік, береке, ынтымақ жолынан бүгінгі ұрпақ та адаспай келеді. Өткенді үлгі тұтар ұрпақ қалыптастыруда өздеріңіздің еңбектеріңіз бен қосқан үлестеріңіз мол. Бұл бағытта бірге атқаратын жұмыстарымыз әлі де көп деп білемін. Сіздерге сәтті сапар тілей отырып, ұлылар мекені Ұлытауға киелі Түркістанның ыстық сәлемін жеткізуді сұраймын, – деді шаһар басшысы.
«Түркілер төрі Түркістаннан – ұлт ұлысы Ұлытауға» тарихи танымдық сапарының мақсаты – егемендіктің шежіресі мен тәуелсіздіктің шынайы тарихын дәріптеу. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан іс-шара аясында еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жалпы 50 азамат Ұлытауға жол тартты.
Айта кетейік, 1 қазан күнін еліміз қарттар күні деп атап өтеді. Бұл күнде көптеген теле-радио бағдарламалар қариялардың талғамына сай назарға ұсынылып, түрлі құттықтаулар арналып, жергілікті биліктің ұйымдастыруымен, компаниялар мен тарапынан қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.
Бұл күннің басты мақсаты-жас ұрпақтың назарын жиі алмайтын қарт адамдарға назар аудару. Бұл күзгі күн кездейсоқ таңдалмаған деген пікір бар. Күзді кейде алтын деп атайды, ал жетілген жылдар, адам өмірден не қалайтынын біледі, көптеген мақсаттарына қол жеткізді және ешқайда асықпайды — алтын.