Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА-ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА-ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ

Президент «Балалар жылы» аясында Үкіметке балаларды қорғау мақсатында, денсаулығын нығайтуға, және адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған шаралары қабылдауды тапсырған белгілі.  Бұл ретте ҚР Үкіметінің қаулысымен 7 бағыт бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарының үшінші бағыты – «Дені сау бала» жо­ба­сы. Оның мақсаты – балалар мен мүм­кіндігі шектеулі балалардың ден­сау­лығын нығайту шараларын ұйымдастыру және олардың құқықтарын қорғау.
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар” бөлімінің ұйымдастыруымен “Ұлы дала елі” орталығында дәстүрлі “Мейірімді жүрек” акциясы жалғасын тапты.
“Бала — ұлттың болашағы, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Сондықтан да оларға барынша көңіл бөлуді назардан тыс қалдырмауымыз керек”-деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев сөз алып.
Сонымен қатар, Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров пен шаһардың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев та өз кезегінде осындай қайырымды істің басы- қасында жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Балаларға жасалған қамқорлық пен жақсылыққа дән риза болған ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, еңбектеріне жеміс тіледі.
Шара соңы көңілді концертке ұласып, әр балаға бағалы сыйлықтар табысталды.

Пікір жазу